Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 279 Бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2-тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мынадай бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының № ___ есепке алу кітабы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6584 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 351-353 (26412-26414)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
1-тармақта 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының № ___ есепке алу кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі бес жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына, осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының № ___ есепке алу кітабы» (коды 1827114, индексі 1-фермер, кезеңділігі 5 жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулыққа, осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес.»;
1, 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 255 (26316)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесінде:
4-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: